Біз туралы » Страница 3 » "Балықтыкөл негізгі мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Балықтыкөл негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 476-77-38
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-77-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мен оқыған шығарма"
27
декабрь
2024
"Мен оқыған шығарма"
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясындағы "Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру мақсатында "Мен оқыған шығарма" тақырыбында мектепшілік іс-шара өткізілді. Оқушылар оқыған шығармасының шағын мазмұнын айтып,сол шығармадағы кейіпкерді сомдады. Ұпай саны бойынша Мырзаханов Азамат І орын, Олжасқызы Қорлан ІІ орын, Мырзаханов Алихан ІІІ орынды қанжығасына байлады. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
Ұстаздар марапаты
05
октябрь
2024
Ұстаздар марапаты
5 қазан -Ұстаздар күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Мектебіміздің даярлық топ тәрбиешісі Тунгатова Бақыт Рымбекқызы аудандық мәслихат төрағасының Алғыс хатымен, бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Жанат Дәулетханқызы Қазақстан Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Құрмет грамотасымен, мектебіміздің тәлімгері Шайжанова Мира Дженисқызы Қазақстан Оқу-ағарту ғылым және жоғарғы білім қызметкерлерінің салалық білім кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды.
"Ұстазым-ұлағатым!"
04
октябрь
2024
"Ұстазым-ұлағатым!"
Мұғалім — мамандық, ұстаздық — қасиет. Яғни, ұстаз болу — адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Сол себепті оқушылардың бойында ұстазға деген құрметті тәрбиелеу мақсатында 5 қазан-Ұстаздар күніне орай "Ұстазым-ұлағатым!" тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма 
Дебат "Тілім барда, қазағым бар, халқым бар"
02
октябрь
2024
Дебат "Тілім барда, қазағым бар, халқым бар"
"ТӨРТ ТОҚСАН- ТӨРТ ӨНЕР " жобасы бойынша, ағымдағы жылдың қазан айында "Тілім барда, қазағым бар, халқым бар" тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Үкімет және оппозиция тобы ойын барысында өз пікірлерін дәлелдеді, фактілер ұсынды, рухани құндылығымыз қазақ тілінің маңыздылыған талқылады. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма #төрттоқсан_төртөнер 
"Қарттарын қадірлеген-ел ардақты!"
01
октябрь
2024
"Қарттарын қадірлеген-ел ардақты!"
1 қазан күні біз ел болып Қарттар күні мейрамын тойлаймыз. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан қасиетті салтымыз. Қарттары бар ел - қазыналы ел. Осы мерекеге орай мектебімізде "Қарттарын қадірлеген - ел ардақты!" тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Кеш барысында мектебіміздің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Мереке соңында ауылымыздың қарттары балаларға батасын берді. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма