Салауатты өмір салтын насихаттау » "Балықтыкөл негізгі мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Балықтыкөл негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 476-77-38
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-77-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Салауатты өмір салтын насихаттау
10
октябрь
2024

Салауатты өмір салтын насихаттау

Әр адамның амандығының негізі – қабілеті мен әлеуетін жүзеге асыра алатын, өнімді жұмыс істейтін және күйзеліске төтеп бере алатын психикалық денсаулық.10 қазан-психикалық денсаулық күніне орай мектеп оқушылары мен ата-аналарына психикалық денсаулықтың маңыздылығы жайында жаднамалар таратылды.
 Адамның физикалық және психикалық күйі бір-бірімен тығыз байланысты. Психикалық денсаулық күшті жүйке жүйесіне, ақыл-ой, рух және дене саулығына байланысты. Осылардың барлығы адамда болған жағдайда кез-келген өмірлік қиындықты жеңуге мүмкіндік болады. Ауру пайда болуының алдын алу маңызды.

«Дені саудың – жаны сау» қағидасы:

Қалыпты физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтану – жүрек пен қантамырларының саулығының, күшті жүйке жүйесінің және мықты иммунитеттің кепілі.
Кем дегенде 7-8 сағат ұйықтау – дененің тез қалпына келуіне және стрестік жағдайларға төзімді болуға көмектеседі.
Хобби немесе сүйікті ісіңізбен айналысу – организмнің «қуаныш гормонын» бөлуіне әсер етеді.
Қызықты және позитивті адамдармен араласу оң энергиямен қуаттап, жалпы денсаулыққа жағымды әсер етеді.
Ішіңдегіні айта білу – ішіңдегіні түгел айтып жеткізбеу, жағымсыз эмоциялар, түсінбеушілік пен күйзеліс ауыр психикалық бұзылуларды тудыруы мүмкін.
Жайсаңдылық, мейірімділік пен қайырымдылық – өмірдегі қиын сәттерді жеңуге көмектесетін жағымды сезімдер екені айтылды.


#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма 
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив