Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша оқу жаттығулары » "Балықтыкөл негізгі мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Балықтыкөл негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 476-77-38
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-77-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша оқу жаттығулары
17
сентябрь
2024

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша оқу жаттығулары

Мектебімізде жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша оқу жаттығулары өткізілді.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы.

ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? ҮРЕЙЛЕНБЕҢІЗ! Ең маңыздысы - сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаныңыз жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. Балалар мен егде адамдардың қамын ойлаңыз (олардың кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға тап болуы мүмкін).

ТҰРҒЫН ЖАЙДА: газ, су, және жарықты сөндіріңіз; алдын ала таңдалған орында (іргелі ішкі қабырғалардың арасы, іргелі ішкі қабырғалардың бұрыштары, колонна жанындағы және каркас астындағы орындары) тығылыңыз; терезеге жақындамаңыз.
КӨЛІКТЕ: мүмкіндігінше тез арада ашық жерде тоқтаңыз; дүмпулер аяқталғанша көліктен шықпай, орныңыздан қозғалмаңыз; автобус жүргізушісі есікті ашып қоюы тиіс.ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН: сабырлылықты сақтаңыз, зардап шеккендерге көмектесіңіз; радиоқабылдағышты қосыңыз, жергілікті биліктің, азаматтық қорғаныс штабының нұсқауларын қадағалаңыз; аса қажеттіліксіз телефонды ұстамаңыз; зақымдалған ғимараттарға аса қажеттіліксіз кірмеңіз; жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіздер, құтқарушы және басқа шұғыл жұмыстарға қатысыңыздар. Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін арналған жалпы ұсынымдар: жиһаздың ауыр заттары құлайтын жерде ұйықтауға болмайды. Салмақты ауыр заттарды еденге немесе қабырғаға шегелеп қою қажет. биік сөрелерге ауыр заттарды қоймаңыз, өйткені олар құлап адамдарды жарақаттауы мүмкін. егер де жер сілкінісі түнде болса, шамды даярлап қою керек. төтенше жағдайлар туындағанда жеткілікті көлемде ішетін сумен тағам болу керек. • Әрбір адам әр түрлі жағдайларда әрекет ету жоспарын өзі жасау керек. Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы мүшелерінің әрекет ету жоспарын анық білу қажет.


#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив