Іс-шаралар » Страница 5 » "Балықтыкөл негізгі мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Балықтыкөл негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 476-77-38
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-77-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қарттарын қадірлеген-ел ардақты!"
01
октябрь
2024
"Қарттарын қадірлеген-ел ардақты!"
1 қазан күні біз ел болып Қарттар күні мейрамын тойлаймыз. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан қасиетті салтымыз. Қарттары бар ел - қазыналы ел. Осы мерекеге орай мектебімізде "Қарттарын қадірлеген - ел ардақты!" тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Кеш барысында мектебіміздің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Мереке соңында ауылымыздың қарттары балаларға батасын берді. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
Ата-аналар жиналысы
27
сентябрь
2024
Ата-аналар жиналысы
Мектебімізде 27.09.2024 күні  2024-2025 оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде: 📌2024-2025 оқу жылындағы мақсаттар мен міндеттер 📌Ата-аналар комитетін сайлау 📌Жаңартылған "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" Уақытты басқару және өзін өзі ұйымдастыру 📌Буллинг, кибербуллинг алдын алу шаралары 📌Оқушылардың сабаққа келіп-кету кезіндегі ата-аналар жауапкершілігі. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма  
"Ұлттық ойын -ұлт қазынасы!"
23
сентябрь
2024
"Ұлттық ойын -ұлт қазынасы!"
Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты рөл атқарады: біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет – ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар алады. Сондықтан әрбір ү лен үзілісте "Ұлттық ойын -ұлт қазынасы!" түрлі ұлттық ойындар ойнатылады. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма 
"Сапалы ұйқы – балалардың дамуы мен денсаулығының негізі"
20
сентябрь
2024
"Сапалы ұйқы – балалардың дамуы мен денсаулығының негізі"
2024-2025 жылдың қыркүйек айында "Сапалы ұйқы – балалардың дамуы мен денсаулығының негізі" тақырыбына ата-аналарды қолдау орталығының сабағы өткізілді. Мақсаты: баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру. Міндеттері: 1. Ата-аналардың баланың толыққанды ұйқысын қамтамасыз етуі үшін қолайлы жағдай жасауға деген ұмтылысын дамыту; 2. Салауатты ұйқының баланың ағзасы мен дамуына әсері және ұйқының бұзылуының теріс салдары
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша оқу жаттығулары
17
сентябрь
2024
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша оқу жаттығулары
Мектебімізде жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша оқу жаттығулары өткізілді. Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? ҮРЕЙЛЕНБЕҢІЗ! Ең маңыздысы - сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам
"Құтқарушыларға мың алғыс"
13
сентябрь
2024
"Құтқарушыларға мың алғыс"
"Балықтыкөл негізгі мектебі" КММ-сінде 19 қазан Республикалық Құтқарушылар күніне арналған "Құтқарушыларға мың алғыс" атты челлендж өтті. #құтқарушыларғамыңалғыс #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
Дебат «Қазақ тілінің болашағы бар ма?»
12
сентябрь
2024
Дебат «Қазақ тілінің болашағы бар ма?»
2024-2025 оқу жылының 12 қыркүйек күні КММ «Балықтыкөл негізгі мектебінде» тəлімгер М.Д.Шайжанованың ұйымдастыруымен «Жас өрен» пікірсайыс клубы мүшелері арасында «Қазақ тілінің болашағы бар ма?» тақырыбында мектепішілік пікірсайыс турнирі өткізілді. Пікірсайыс Америкалық парламенттік форматта (АПФ) өткізілді. Америкалық парламенттік формат (АПФ)-бұл парламенттік тұрпаттағы дəйектердің, тапқырлықтың жəне риторикалық қасиеттердің сайысы. Əрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда-Үкімет пен
"Айтыс-сөз өнерінің негізі!"
10
сентябрь
2024
"Айтыс-сөз өнерінің негізі!"
10 қыркүйек күні мектебімізде "Айтыс-сөз өнерінің негізі!" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Айтыс жайлы білімдерін кеңейту, еліміздің белгілі айтыскерлерімен таныстыру, айтыс өнерінің маңыздылығын түсіндіру. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма #төрт_тоқсан_төрт_өнер #төрттоқсан_төртөнер 
Отбасы күні
09
сентябрь
2024
Отбасы күні
2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күнін мерекелеуге арналған іс -шаралар жоспарына сәйкес 3- 4 сыныптарда « Әр отбасы- бір әлем!» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау; Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру; Сабақ соңында оқушылар жүрекшеге ата – аналарына тілектерін жазып, қуантты . #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма