19
сентябрь
2023
Сибанбаева Айжан Турсынхановна
1972 жылдың 10 қаңтарында Семей облысы, Шар ауданы, Дельбегетей станциясында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1992 жылы Семей политехникалық колледжін техник-технолог мамандығы бойынша аяқтаған. 1997 жылы Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын бастауыш класының мұғалімі, 2004 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін химия және биология мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған.
1992-1998 жылдары аралығында 8 март ауылындағы Балықтыкөл негізгі мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, ал
1999 жылдан бері мектепте химия және биология мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.
2004 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Балықтыкөл негізгі мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. 2023 жылдың мамыр айынан бастап уақытша «Балықтыкөл негізгі мектебі» КММ-нің директорының міндетін атқарушы.