Ата-аналарға » Страница 3 » "Балықтыкөл негізгі мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Балықтыкөл негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 476-77-38
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-77-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұстазым-ұлағатым!"
04
октябрь
2024
"Ұстазым-ұлағатым!"
Мұғалім — мамандық, ұстаздық — қасиет. Яғни, ұстаз болу — адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Сол себепті оқушылардың бойында ұстазға деген құрметті тәрбиелеу мақсатында 5 қазан-Ұстаздар күніне орай "Ұстазым-ұлағатым!" тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма 
Дебат "Тілім барда, қазағым бар, халқым бар"
02
октябрь
2024
Дебат "Тілім барда, қазағым бар, халқым бар"
"ТӨРТ ТОҚСАН- ТӨРТ ӨНЕР " жобасы бойынша, ағымдағы жылдың қазан айында "Тілім барда, қазағым бар, халқым бар" тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Үкімет және оппозиция тобы ойын барысында өз пікірлерін дәлелдеді, фактілер ұсынды, рухани құндылығымыз қазақ тілінің маңыздылыған талқылады. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма #төрттоқсан_төртөнер 
"Қарттарын қадірлеген-ел ардақты!"
01
октябрь
2024
"Қарттарын қадірлеген-ел ардақты!"
1 қазан күні біз ел болып Қарттар күні мейрамын тойлаймыз. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан қасиетті салтымыз. Қарттары бар ел - қазыналы ел. Осы мерекеге орай мектебімізде "Қарттарын қадірлеген - ел ардақты!" тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Кеш барысында мектебіміздің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Мереке соңында ауылымыздың қарттары балаларға батасын берді. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
Ата-аналар жиналысы
27
сентябрь
2024
Ата-аналар жиналысы
Мектебімізде 27.09.2024 күні  2024-2025 оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде: 📌2024-2025 оқу жылындағы мақсаттар мен міндеттер 📌Ата-аналар комитетін сайлау 📌Жаңартылған "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" Уақытты басқару және өзін өзі ұйымдастыру 📌Буллинг, кибербуллинг алдын алу шаралары 📌Оқушылардың сабаққа келіп-кету кезіндегі ата-аналар жауапкершілігі. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма  
"Ұлттық ойын -ұлт қазынасы!"
23
сентябрь
2024
"Ұлттық ойын -ұлт қазынасы!"
Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты рөл атқарады: біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет – ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар алады. Сондықтан әрбір ү лен үзілісте "Ұлттық ойын -ұлт қазынасы!" түрлі ұлттық ойындар ойнатылады. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма 
"Сапалы ұйқы – балалардың дамуы мен денсаулығының негізі"
20
сентябрь
2024
"Сапалы ұйқы – балалардың дамуы мен денсаулығының негізі"
2024-2025 жылдың қыркүйек айында "Сапалы ұйқы – балалардың дамуы мен денсаулығының негізі" тақырыбына ата-аналарды қолдау орталығының сабағы өткізілді. Мақсаты: баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру. Міндеттері: 1. Ата-аналардың баланың толыққанды ұйқысын қамтамасыз етуі үшін қолайлы жағдай жасауға деген ұмтылысын дамыту; 2. Салауатты ұйқының баланың ағзасы мен дамуына әсері және ұйқының бұзылуының теріс салдары
"Жол ережесін сақтайық!"
19
сентябрь
2024
"Жол ережесін сақтайық!"
Мектебімізде: оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру, жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу, ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту, оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып, "Жол ережесін сақтайық!" тақырыбындағы сынып сағаттары өткізілді. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма 
"Айтыс-сөз өнерінің негізі!"
10
сентябрь
2024
"Айтыс-сөз өнерінің негізі!"
10 қыркүйек күні мектебімізде "Айтыс-сөз өнерінің негізі!" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Айтыс жайлы білімдерін кеңейту, еліміздің белгілі айтыскерлерімен таныстыру, айтыс өнерінің маңыздылығын түсіндіру. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма #төрт_тоқсан_төрт_өнер #төрттоқсан_төртөнер 
Отбасы күні
09
сентябрь
2024
Отбасы күні
2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күнін мерекелеуге арналған іс -шаралар жоспарына сәйкес 3- 4 сыныптарда « Әр отбасы- бір әлем!» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау; Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру; Сабақ соңында оқушылар жүрекшеге ата – аналарына тілектерін жазып, қуантты . #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
Аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру
08
апрель
2024
Аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді ❗️Мемлекет басшысы cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. ❇️ Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің