 | Мектеп директоры міндетін атқарушы Сибанбаева Айжан Турсынхановна 1972 жылдың 10 қаңтарында Семей облысы, Шар ауданы, Дельбегетей станциясында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1992 жылы Семей политехникалық колледжін техник-технолог мамандығы бойынша аяқтаған. 1997 жылы Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын бастауыш класының мұғалімі, 2004 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін химия және биология мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған.1992-1998 жылдары аралығында 8 март ауылындағы Балықтыкөл негізгі мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, ал1999 жылдан бері мектепте химия және биология мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. 2004 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Балықтыкөл негізгі мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. 2023 жылдың мамыр айынан бастап уақытша «Балықтыкөл негізгі мектебі» КММ-нің директорының міндетін атқарушы.
|
 | Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шайжанова Мира Дженисовна 1986 жылдың 22 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы Қазақстан инновациялық университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша аяқтаған. 2021 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін шет тілі: екі шет тілі (ағылшын) мамандығы бойынша аяқтаған. 2017-2023 жылдары аралығында 8 март ауылындағы Балықтыкөл негізгі мектебінде тәлімгер қызметін атқарды. 2023 жылдан бері мектепте ағылшын пәні мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. 2025 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Балықтыкөл негізгі мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. |
 | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдельдинова Гульжайнат Мырзахановна 1977 жылдың 28 шілдеде Семей облысы, Қалбатау ауылында дүниеге келген. Білімі арнаулы орта. 1998 жылы Семей М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжін бастауыш класс мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. 1997-2009 жылдары аралығында 8 март ауылындағы Балықтыкөл негізгі мектебінде шет тілі мұғалімі, 2009 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келеді. 2025 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Балықтыкөл негізгі мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. |
 | Мектеп психологы Айдархан Фатима Есенкелдіқызы 1994 жылдың 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Баршатас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2017 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін педагогика және психология мамандығы бойынша аяқтаған. 2018-2024 жылдары аралығында Аягөз қаласы №10 мектеп гимназиясында психолог қызметін атқарды. 2025 жылдан бері Балықтыкөл негізгі мектебінде педагог-психолог болып қызмет атқарып келеді.
|