Ақпарат » Страница 9 » "Балықтыкөл негізгі мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Балықтыкөл негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 476-77-38
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-77-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
​​АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК  ОЛИМПИАДАҒА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
08
ноябрь
2023
​​АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК
🏫20 қарашада өңірлерде ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша бірінші республикалық олимпиада басталады. Оған еліміздің шалғай аудандарынан 9-11 сынып оқушылары қатысады. 📌Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру,  неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау. 🔗Олимпиадаға қатысуға ниет білдерген оқушылар аuyl.daryn.kz
Ата-аналарды педагогикалық қолдау
08
ноябрь
2023
Ата-аналарды педагогикалық қолдау
2023 жылдың 08 қарашасында   "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының жоспарына сәйкес 5-9 сынып ата-аналарының қатысуымен "Ақыл айтпа,жол көрсет" тақырыбындағы отырыс өтті. Отырыс барысында 1. Жасөспірімнің физиологиялық (тұрғыда) бейімделуі, оның іс-әрекетін жақсарту жағдайлары. Ұлттық тамақтану мәдениеті - жасөспірімнің физиологиялық бейімделуінің мүмкіндігі 2. Жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі: негізгі қиындықтар 3. Өзіңді өзің сыйламасан, өзгеден сый дәметпе.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
31
октябрь
2023
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
Мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес  бастауыш  оқушыларының ата-аналарының қатысуымен жиын өтті.  Ата-аналар мен сынып жетекшілер бірлесе отырып өзекті сұрақтарды талқылап, шешу жолдарын қарастырды.Оның ішінде өмір қауіпсіздігі және алдын-алу шаралары туралы түсіндерме жұмыстары жүргізілді. Жиында  балалардың әл-ауқатын оның бақытты өмірінің негізі, отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген
25 қазан - Республика күні
24
октябрь
2023
25 қазан - Республика күні
Республика күні – мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мереке. Бала кезінен бастап балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарауға баулу маңызды. Осыған орай мектебімізде Республика күніне арналған мерекелік жиын өтті.
Республика күні
23
октябрь
2023
Республика күні
1990 жылдың 25 – қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халақтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлттық мереке, Республика күні!   #біртұтастәрбие  #oqu_agartu_ministrligi  #абайоблысыбілімбасқармасы
Мектеп парламентінің президентін сайлау
21
октябрь
2023
Мектеп парламентінің президентін сайлау
2023 жылдың 21 қазан күні мектеп парламентінің президентін сайлау күні өтті . Сайлауға оқушылар 100 % қатысып, өз таңдауларын жасады. Комиссия мүшелері мен бақылаушылар сайлаудың әділ өтуін қадағалады. Сайлау нәтижесі бойынша 45 % дауыс жинаған үміткер мектеп президенті болып сайланды. #oqu_agartu_ministrligi #абайоблысыбілімбасқармасы #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #мектеппарламенті #өзін-өзібасқару
Республика күні қарсаңында
20
октябрь
2023
Республика күні қарсаңында
25 қазан-Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, "Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. #oqu_agartu_ministrligi #абайоблысыбілімбасқармасы #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
«Төрт тоқсан-төрт өнер»
19
октябрь
2023
«Төрт тоқсан-төрт өнер»
«Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени -ағартушылық жобасы бойынша құрылған жоспарға сәйкес ,мектебімізде "Ер есімі-ел есінде" тақырыбында айтыскер ақын Оразалы Досбосынұлын ұлының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сағаттар өтті. #төрттоқсантөртөнер #төрт_тоқсан_төрт_өнер #oqu_agartu_ministrligi  #абайоблысыбілімбасқармасы