Бала құқықтарын қорғау » "Балықтыкөл негізгі мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Балықтыкөл негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 476-77-38
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-77-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бала құқықтарын қорғау
24
январь
2025

Бала құқықтарын қорғау

2025 жылы Қазақстандағы қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге артады

✍🏻 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды, заңнамалық және стратегиялық шаралар іске асырылуда. 2024 жылғы желтоқсанда қабылданған мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ҚР Заңы шеңберінде қорғаншылық және қамқоршылық органдардың штат санын 2,5 есеге ұлғайту жоспарлануда. Шешім балалардың құқықтарын қорғауды жақсартуға және қорғаншылық жүйесінің жұмысын күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

📁 Алғаш рет заңнамалық деңгейде қамқоршылық органдарының штаттық санының нормативі бекітілді — 5 мың балаға бір маман. Бүгінгі таңда өңірлік қамқоршылық органдарының қызметкерлерінің саны 303-тен 692 адамға дейін артты. 2025 жылы бұл көрсеткішті айтарлықтай ұлғайту жоспарланып отыр, бұл балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсетудің қолжетімділігін арттырып, қамқоршылық органдарының жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Жаңа штаттық норма көптеген елдерде теңдесі жоқ бірегей қазақстандық тәжірибе болып табылады. Енді қамқоршылық органдарының әрбір маманы қажетті қолдауды қамтамасыз ете отырып, балалармен және олардың отбасыларымен жақын жұмыс істей алады», - деп атап өтті министр Ғани Бейсембаев.

📌 Қазір ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп қамқоршылық органдары қызметінің тиімділігін арттыру үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеуде.
Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді

✔️ Жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету биылғы жылдан басталады. 30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.

💰 Негізгі жаңалықтардың бірі жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақтандыру. Жаңа бастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды. Оны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 12 млрд-тан астам теңге бөлінді.

🔹 Сондай-ақ Заң мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын оқушылар үшін әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуді көздейді. Бұрын «Жалпыға бiрдей білім беру» қорынан мектеп керек-жарақтары мен кеңсе тауарларын сатып алуға көмек тек мемлекеттiк мектеп оқушыларына ғана көрсетiлген болатын. Енді ол жекеменшік мектеп оқушыларына да қатысты болады.

«Жаңа заң аясында жергілікті атқарушы органдарға меншік нысанына қарамастан, әлеуметтік осал отбасылардың барлық балаларына әлеуметтік көмек көрсету құзыреті беріледі. Бұл барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам», - деп мәлімдеді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

📌 Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың қыркүйегінен бастап бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік санаттағы 5-11 сынып оқушылары үшін мемлекеттік мектептерде тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында мемлекеттік мектептерде оқитын 1,7 млн-нан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында 510 мың оқушыны құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қосымша 22,5 млрд теңге бөлінді.
Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды: олардың құқықтарын қорғау үшін мемлекет қандай заңнамалық шараларды күшейтуде?

🔹 Бүгінде елімізде 6,8 млн бала тұрады, бұл халықтың үштен бірін құрайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша құқықтық базаны нығайту бойынша үш негізгі заң қабылданды және біздің кішкентай азаматтарымызды қорғау үшін пәрменді тетіктер енгізілді.

✔️ Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша қабылданған ҚР Заңының маңызды бастамасы – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамға бейімдеу үшін тәлімгерлер институтын құру болды. Бүгінгі таңда 330-дан астам бала қажетті қолдау алуда.

📁 Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР Заңындағы негізгі шаралардың бірі – балаларға қатысты құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдату және кәмелетке толмағандарға жәбір көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу болды. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейту мақсатында балаларды қоғамдық көліктен түсіріп кетуге тыйым салынды.

❗️2025 жылдан бастап мектептер мен колледждерде республикалық бірыңғай «111» байланыс орталығына жедел хабарласа алатын QR-кодтар енгізілді. Биылғы жылдың қаңтар айындағы мәлімет бойынша байланыс орталығына 17 400 бала жүгінген.

⚜️ Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қабылданған үшінші Заңында кәсіби қабылдаушы отбасыларды құру және жетім балаларға арналған жағдайларды жақсарту бойынша нормалар қарастырылған.

💡 Бүгінгі таңда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82%-ы қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша тағы 3 мыңнан астам бала жаңа отбасын тапты.

📌 2025 жылдан бастап отбасылық орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасылар енгізілмек. Бұл бастама қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қамқорлық көрсетіп, оларға үй жағдайында қолайлы орта құру мақсатында жүзеге асырылады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив