ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ, АЯУЛЫ МЕКТЕБІМЕ АЛҒЫС » "Балықтыкөл негізгі мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Балықтыкөл негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 476-77-38
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-77-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ, АЯУЛЫ МЕКТЕБІМЕ АЛҒЫС
15
январь
2025

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ, АЯУЛЫ МЕКТЕБІМЕ АЛҒЫС

КІТАП ОҚИТЫН ЕЛ ҒАНА ЗИЯЛЫ ҰЛТҚА АЙНАЛАДЫ

✅Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда елдің ертеңі мен келешегі үшін атқарылар кезек күттірмес міндеттерді атап көрсетті. Президент кітап оқу мен кітап басып шығару ісіне ерекше назар аударды тапсырған болатын.

✅ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ, АЯУЛЫ МЕКТЕБІМЕ АЛҒЫС

📚 Біз, Балықтыкөл негізгі мектебінің түлектері мектебімізге шынайы алғысымызды білдіргіміз келіп мектебіміздің әр оқушысына, ұстаздарына, қызметкерлеріне кітап сыйладық.

📚Бұл – бізді тұлға ретінде қалыптастырған ұстаздарымыздың еңбегіне, мектебімізге деген құрметіміздің белгісі. Кітаптар болашақ оқушыларға білімнің жаңа көкжиектерін ашып, армандарын жүзеге асыруға шабыт береді деп сенеміз.

📚Әр оқушыға кітап жас ерекшеліктеріне байланысты таңдалып алынды, осы орайда «Kitapall» жобасына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Мектебіме кітап қана сылай қоймай мен өзімнің колледжімде екінші жыл апробациядан өтіп жатқан «8 минуттық оқу» жобамды енгіздім. Бұл жоба үлкен нәтиже беретінін мен үлкен сеніммен айта аламын.
Осы арада менің идеямды қолдаған, қаржылай көмек берген аға-апайларыма алғыс білдіргім келеді. Ақатаев Нұрсұлтан Манатұлы, Акрамов Дулат Төлегенұлы, Рымханова Назгүл Қабдоллақызына ерекше алғысымды білдіремін. 
🤍Мектеп – біздің өміріміздегі алғашқы қадамдарымыз басталған алтын ұямыз. Осы білім ордасына деген алғысымызды осылай жеткізе алғанымызға қуаныштымыз! Мен осы акцияны Жарма ауданының басқа да мектептерінің түлектеріне жолдаймын. 



#ТуғанМектеп #Алғыс #БілімгеЖол #БалықтыкөлМектебі #ИгіІс #Қазақстандыкітапоқитынелгеайналдырамыз #100кітап #кітапоқу #біртұтастәрбие
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив