18
октябрь
2023
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
Мектебімізде 2023 жылдың 18 қазанында "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының жоспарына сәйкес 5-9 сынып ата-аналарының қатысуымен "Баланың бас ұстазы ата-ана" тақырыбындағы отырыс өтті. Отырыс барысында "Позитивті ата-ана деген кім?" сұрағына жауап іздеді, позитивті ата-ана болу жолдарын қарастырды. Жасөспірімдердің физикалық, зияткерлік, эмоционалдық, әлеуметтік ерекшеліктері талқыланды. Отырыс соңында "Позитивті ата-ана болуға апаратын қадамдар" атты чек-лист ұсынылды.

#Біртұтас_тәрбие__Абай_облысы
#Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы

#Біртұтас_тәрбие__Абай_облысы
#Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы